Маргарита Симоньян Зеленскийге өз талабын украин тілінде жеткізді

0
30

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Маргарита Симоньян Украина президенті Владимир Зеленскийге журналист Кирилл Вышинскийді босату қажеттігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің және RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян Украина президенті Владимир Зеленскийден көмек сұрады.

Ол РИА Новости Украина порталының жетекшісі Кирилл Вышинскийді босатуға көмектесу үшін өтініш білдірді.

Маргарита Симоньян өтінішін Telegram әлеуметтік желісіндегі жеке каналында украин тілінде жазды.

«Ертең Кирилл Вышинскийді босатуы мүмкін. Ол 413 күн журналист болғаны үшін қамауда отырды. Зеленский мырза, сізге үндеу жасаймын, солай істеңізші», – деді ол.

Айта кетейік, 3 шілде күні журналист Кирилл Вышинскийге қатысты сот процесі өтеді. Осыған дейін оның адвокаты Кирилл Вышинский үйқамаққа алынуы мүмкін екенін айтқан.

РИА Новости Украина порталының жетекшісі Кирилл Вышинский 2018 жылдың 15 мамырында Киевте қамауға алынды. Оған «өзін-өзі Донбас республикасы деп жариялаған мемлекетке қолдау көрсетті, мемлекетке сатқындық жасады» деген айыптар тағылған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кирилл Вышинский 17 мамырда қамауға алынған. Осыдан соң оны қамауға алу мерзімі ұзартылып келеді. Журналист бірнеше рет өзін «саяси тұтқын» екенін мәлім еткен.



sputniknews.kz