Марат Әбиев алғашқы миллиардтарын қайдан, қалай тапқан?

0

Forbes.kz басылымы жеті жыл бұрын Марат Әбиевтің он бес жасында «AAA Technology» компаниясын ашқанын, бірақ оны тіркей алмағанын жазған еді. Кейін Әбиевтің компаниясының беделі өссе де, оны қарапайым қызметкер ретінде ғана көрсете алды. Расымен де Қазақстанда мұндай компания тіркелмеген. Тек «ААА-Құрылыс» ЖШС және Үндістандағы AAA Technologies компаниясы туралы ақпарат бар.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуші Марат Әбиев біраз уақыт салық төлемей, жұмысын жалғастырған. Дегенмен, ол бір кездері «қала аралап, кассалық аппараты бар көлікпен жүргенін де» айтқан еді. 

Жеке кәсіпкер ретінде Марат 2007 жылы тіркелген. Бірақ соңғы бес жылға тиесілі салықты, тек 2015 және 2016 жылдары 943 136 тг және 47 431 тг көлемінде төлеген.

Марат Әбиев тек «Транс Логи Компани» ЖШС және «ҚМПЗ» ЖШС құрылтайшысы болып көрінгенімен, мәселе одан әлдеқайда тереңде жатыр. Себебі бұл заңды тұлғалардың өздері басқа ЖШС-ның құрылтайшылары болып табылады, олардың көмегімен Жәнібек Дарибаев, Антон Новицкий және Аманай Махметов сияқты тағы үш дос үлкен компаниялардың тұтас желісін құрған.

Антикор Марат Абиевпен байланысты компанияларды тексеріп жатыр.

Ақпарат: @fund_anticorr
Фото: tengrinews.kz