Өскеменде қатты аяздан ЖЭО жабдықтары істен шықты

0

Өскемендегі ЖЭО-да жабдықтардың істен шығуына байланысты күрделі мәселе орын алды, деп хабарлайды 24kz сайты. Оған себеп —  өңірдегі аяз. Кейбір аудандардағы термометрлер түнде минус 40-қа дейін төмен температураны көрсеткен. Оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Мұндай қиындыққа қоғамдық көліктер де шыдай алмай жатыр. Нәтижесінде еріктілер тоңып қалған көшедегі қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлерді жылытуға әрекет жасауда.

Соңғы бірнеше күнде Шығыс Қазақстанда аяз күшейе түсті. Бірнеше күн бұрын датчиктердің істен шығуына байланысты №15 қазандық сөндірілді. Бір жарым сағаттан кейін ол қайта іске қосылды. Бірақ желілік судың айналымында қиындықтар бар. Оның әсерінен қала тұрғындарының батареялары істен шығып, әлеуметтік желілерде шағымдар көбейді. Қазір станцияда жөндеу бригадаларының саны артты. 7 қазандық пен 6 турбоагрегат жұмыс істейді.

Евгений Васильев, Өскемен қаласының ЖЭО аға кезекші инженері:

«Сондай-ақ желілік судың температурасын арттыру үшін станция генерациясы төмендетілді. Жөндеу аяқталғаннан кейін жақын арада жабдықты іске қосқан кезде желілік судың температурасы жылу желісінің температуралық кестесіне сәйкес келеді. Төмен температура қоғамдық көлікке теріс әсер етеді. Сондықтан бүгін де машиналардың 60%-ы ғана жұмысқа жарамды. Нәтижесінде адамдар аялдамаларда ұзақ күтуге мәжбүр. Жүргізушілер проблемаларды шешуге тырысып жатыр, — деді.

Фото: ustinka.kz