Мақпал Жүнісоваға бейтаныс әйел гауһар тасты жүзік сыйлады
Мақпал Жүнісова қазір еліміздің түкпір-түкпірінде жеке концерттерін өткізіп жатыр. Кезекті ән кешінде тыңдармандарының бірі әншіге гауһар тасы бар жүзік сыйлады. Бұл сәттің видеосын Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасына жариялады.
Гауһар тасты жүзік сыйлаған тыңдарманыма рақмет, – деп жазды ол.
Видеодан концертке келген әйелдің әншінің қолына жүзік тағып, арқасына орамал жапқанын көруге болады. Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жарыса жазды.
«Құтты болсын», «Концертіңізге бардым. Жақсы өтті», «Еңбегі сіңген әнші ғой», «Әніңді шырқай бер», «Жүзікті игілігіңізге тағыңыз», – деп жазды желідегілер.
ақпарат:Smartnews.kz