Кәмшат Жолдыбаева мұсылманша амандасамын деп, қатаң сынның астында қалды

0
Кәмшат Жолдыбаева өзінің жанкүйерлерімен мұсылманша амандасамын деп, қатаң сынның астында қалды.

Көпшілік бұлай тек ер адамдар амандасатынын айтып, әншіге сыни пікірлерін жаудырған, деп хабарлайды Kznews.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Былтырдан бері хиджабқа келген әнші, көпті Рамазан айымен құттықтаған. 

«Ассалямуалейкум, ағайын! Қасиетті айда жасаған құлшылықтарыңыз қабыл болсын! Сурет жылы көрінгенімен, Астана әзірге жыли қойған жоқ…Бірақ елорданың өзінің көп плюстері бар. Қай жақта жүрсек те, бастысы амандық болсын!» деп жазды ол.

Көпшілік әншінің мұсылманша амандасуын жақтырмаған. Олар:

«Ассалямуалейкум демей-ақ қазақтың сәлеметсіздер ме, амансыздар ма, есенсіздер ме деген қазақтың әдемі сөздерін неге қолданбасқа… Қазақтың тілін елдің алдында жүрген сіздер бұзсаңыздар, арттарынан ерген жастар қазақ екенін ұмытып қалатын шығар», «Осылар құртады. Дін мен салт-дәстүрді, тілді ажырата білу керек қой», «Бізде ассалямуалейкум деп ер адамдармен және үйге кіргенде ұл балалар айтады», «Ұйғыр әйелдері құсап, ассағаляйкумің не, алжиын дедің бе», «Қазір бәрінің басында орамал, қит етсе дін туралы уағыз айтып шығады» деп жазды олар.