Манзоров Алматы облысының әкімінің орынбасары қызметінен кетті – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары алаяқтық жасады деп күдіктелуде

Бұл туралы Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Облыс басшысы Амандық Баталов орынбасарын аппарат жиынында шығарып салды,

«Бағдат Манзоровтың жұмыс істеген уақытында өз ісінің кәсіби шебері екенін дәлелдеп, тәжірбиелі жетекші екенін көрсете білді. Арыс қаласын қалпына келтіруге күш салып, өңірді газдандыруда, тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуге қосқан елеулі еңбегін ескеру керек», – облыс әкімі Амандық Баталов.

Өз кезегінде Манзоров жеті айда атқарылған істеріне есеп беріп, әріптестеріне алғыс айтты. Бұған қоса ол өзінің бірінші іссапарын облыс басшысымен Арыс қаласынан бастап, шаһарды қалпына келтіруде жауапты жүктемелерді сәтті орындаған жеткізді.  

Бағдат Манзоров 2019 жылдың шілде айында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, кәсіпкерлік және туризм салаларын қадағалады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары бағдат Манзоров жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген еді. Оның үстіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үш рет іс қозғаған. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз