Маңғыстаулықтар төрт түлікті жол апатынан сақтаудың әдісін ойлап тапты

0
108

Айтуларынша, жарыққа шағылысатын белдік тағылған мал түнде 200-300 метрден анық көрінеді.

Олар малдың мойнына жарыққа шағылысатын таспа тағуды ұсынып отыр. Түпқараған ауданының шаруалары бұл бастаманы қолдап, төрт түлікке тегіс таспа таға бастаған деп жазады kaztrk.kz.

Айтуларынша, жарыққа шағылысатын белдік тағылған мал түнде 200-300 метрден анық көрінеді. Ал, бұл апаттың алдын алуға көмектеседі. Жыл басынан бері өңірде төрт түліктің жол үстіне шығып кетуі салдарынан 14 жол көлік оқиғасы болып, 2 адам қаза тапқан. Тағы 15 адам зардап шекті. Малға таспа тағуды тіпті аудан әкімдігі барлық шаруаларға міндеттеп жатыр. Көлік жүргізушілері де қолдап отыр.

Уәли Көшербаев, шаруа қожалығының иесі: – Көбіне жылқыны қағады. Малдан гөрі адам өмірі қымбат қой.

Бақтыбай Кенжебеков, көлік жүргізуші: – Малшыларға айтып, осыны тақтырса, жақсы болады. Жан аман болғанын қалаймыз.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!