Маңғыстауда өлген аққулардан құс тұмауы анықталды
Зерттеу нәтижесінде Ақтаудан 20 шақырым жердегі Қаракөл көлінде табылған өлі аққулардан құс тұмауы анықталды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне сілтеме жасап.
«Өлген құстардан құс тұмауына алынған патологиялық материалдар оң нәтиже көрсетті. Қаракөл көлі — жабайы құстардың осы түрінің ұшу жолындағы тұрақтайтын аумақтың бірі. Мұз бұғауларынан Қазақстанның барлық аумағында тіршілік ететін аққулар табылды», — делінген хабарламада.
Комитет шұғыл шараларды жүргізу және үй құстарының арасында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін республикалық қордан қауіп төнген аймақтардағы барлық үй құсын вакцинациялау үшін 18 644 доза вакцина бөлген. Сондай-ақ, өңірге республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың мамандары жұмылдырылған.
Еске салайық, блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы көлде аққулар қырылып жатқанын хабарлаған болатын.