«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары қызын сегіз айлық баласымен далада қалдырғаны рас па?

0
39

Қазақ қоғамында мұрагерлік мәселесі өткір көтеріліп келеді соңғы кезде.

Бұрын марқұмның артындағы дүние мүлікке туыстары таласыпты деген масқара жағдай есептелетін. Қазір елге танымал, ел мен жерге еге болатын азаматтардың өзі осындай даудың ішінде жүр.

Президент сайлауының кандидаты, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Төлеутай Рақымбековтың өзінің қызын сегіз айлық баласымен далада қалдырғаны туралы ақпарат желіні желдей кезді.

«Мені анам қайтыс болғасын мұрагерлік құқығымды иеленіп кетті. Маған өгей қызымсың деді. Мен оны білмейді екенмін. Маған бұл жаңалық ауыр соққы болды. Ішімде сегіз айлық балам бар. Барар жер, басар тауым жоқ», – деген Ақбота Рақымбекованың мәлімдемесін республикалық он шақты сайт жариялапты.

Жәй отбасылық кикілжің болса бірсәрі, мүлік тартып алу, төсек ұсыну сияқты әңгіме қозғалып жатқан бұл дауға байланысты партия қандай мәлімдеме жасар екен?! Білдей төрағаның орынбасары осындай дауға ұрынғаны да партияға абырой әпермес.

Оңғар ҚАБДЕН

Facebook парақшасынан

Автордың пікірі редакция ұстанымын білдірмейді.