Маңғыстау облысында жоғалған ер адам өз көлігінен өлі табылды

0

Ер адам үйден 16 ақпанда шығып кеткен, 18 ақпанда оның әйелі полицияға күйеуінің жоғалып кеткенін хабарлаған

Полиция із-түзсіз жоғалған адамның мәйітін тапты, деп хабарлады tumba.kz порталы.

16 ақпанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны үйінен өз көлігімен кетіп, хабарласуды тоқтатқан. 18 ақпанда жоғалған адамның әйелі тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

Арызданушы күйеуінің 16 ақпанда өз көлігімен кетіп, үйге оралмағанын айтқан.

Сол күні Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған адамның көлігін тапты. Онда иесінің мәйіті болған.

19 ақпан, жұма күні кісі өлтірді деген күдікпен облыстың екі тұрғыны ұсталды. Олар қылмысты жасағанын мойындады. Кісі өлтіруге не себеп болғаны әзірге белгісіз.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды», — деді Маңғыстау полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, адам өлтіргендерге сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.