Садыр Жапаров: «Қырғыз елі Ресейдің құрамына қосылу арқылы біртұтас ұлтқа айналды»

0

Бүгін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қырғыз ұлты, қазір өзі басқарып отырған елдің Ресеймен ара қатынасы туралы мақала жариялады.

«Қырғызстан мен Ресей халқының мәдени және тарихи байланысы терең. 19 ғасырда қырғыз елі Ресейдің құрамына қосылу арқылы біртұтас ұлтқа ұйысып, болашағына іргетес қалады. Ұлы Октябрь төңкерісі қырғыздардың жоғалтып алған жазу-сызуын әкелді. Акамдемик К.Юдахин, К.Скрябин, М.Лущихин бастаған ресей ғалымдары білім мен ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бұл жаңа тарихи-мәдени бірлестіктің – қырғыз интеллегенциясының пайда болуына мұрындық болды.

Ресеймен одақтас бауырлас елдердің арқасында қырғыз халқының ұлттық мемлекеті құрылды.

Қырғызстан ғасырлар бойы Ресеймен қол алысып бірге келеді. Жас ел мен тарихы тереңде жатқан көне мемлекеттің арасындағы байланыс материалдық және рухани жағынан берік бекіген.

Орыс тілі – заманауи әдебиет пен мәдениеттің есігін ашар нағыз коммуникативтік құрал. Біз негізгі ақпараттың бәрін орыс тілінен аламыз.

Онымен бірге мемлекеттік тілді де қатар дамуда: қырғыз тілін білетін жастар, әншілер мен актерлер көбейді, заң мемлекеттік тілде жазылатын болды. Қырғыз тілі дамуы тиіс, бірақ орыс тіліне зиянын тигізбегені абзал.

Орыс тілі – ресми тіл, елдің ұлтаралық қатынас тілі. Заңнама жағынан жақсы қорғалып, Конституция деңгейінде бекітілген. Әрі мемлекет президенті ретінде орыс тілінің мәселесіне қатысты саяси манипуляция жасауға жол берілмейтініне кепіл боламын.

Осы орайда, шет тілін оқудың, әсіресе, ағылшын тілін меңгерудің заман талабы екенін айта кеткім келеді. Қазір жастардың бір емес бірнеше шет тілін үйренетін жақсы құбылысы пайда болған. Сондықтан мен жастарды шет тілін тереңірек меңгеруге кеңес беремін. Өйткені ағылшын тілі – халықаралық, ұлтаралық қатынас тілі.

2020 жылы – Ресей мен Қырғызстаның Тоғысқан жылы деп жарияланды. Бұл қос елдің қарым-қатынасын одан әрі берік етуге мүмкіндік берді. Екіжақты қарым-қатынасты жандандыру бойынша 200-ден астам іс-шара қосылған бағдарлама әзірленді. Алайда адамзатқа аяқ астынан оралған пандемия жоспарға біршама кедергі келтірді. Кейбір ойлар іске аспады.

Тоғысқан жылдар салтанатты шарасының ашылуы, Қырғызстанда Ресей күні мен Ресейде Қырғызстан тәуелсіздігі күні онлайн-режімде өтті.

Қырғызстан халқының атынан Тоғысқан жылды создыруды ұсынамын. Ресей басшылығы да бұл ұсынысқа қолдау білдіреді деп ойлаймын.

Қырғызстан үшін Ресейдің маңызы мен рөлі жай ғана теориялық сөз емес, практикалық мәні бар мәселе екенін атап өткім келеді. Одақтас елге айналу біздің ұлттық мүддеміз саналады. Бұл Қырғыз Республикасының тәуелсіздігін күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ұлтаралық келісім мен ынтымақтастығын, рухани және мәдени байланысын арттырады.
Қырғыз бен орыс халқының тарихында бір-біріне дұшпандық туғызар ештеңе жоқ. Ресей біздің досымыз, одақтас серіктесіміз әрі арқы сүйер жанашырымыз. Ресеймен стратегиялық серіктестік – Қырғызстанның ұлттық мүддесі. Бұл бағыт – республикамыздың саяси өмірінде үлкен мән берілген.

Интеграциялық жобалардың арқасында Ресей шекара маңында қауіпсіздік орнатып, аймақтың динамикалық байланысын түзуде.

Алдағы жоспарлап отырған Мәскеуге іссапарым (2021 жылы 23-25 ақпанда Жапаров Ресейге ресми іссапармен барады — ред.) қос елдің қарым-қатынасының бекуі мен серіктес байланысының дамуына үлкен әсер ететіне сенімдімін» деді қырғыз президенті.

(Мақаланың қазақша нұсқасы Асхат Қасенғалидың парақшасынан алынды)