Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейеді
13 қазан 00.00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі.
Жаңа талаптар бойынша, енді:
— Тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады;
— Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады;
— Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады;
— Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады;
— Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.