Қырғызстанда шолақ сақалдылар билікке келді — журналист

0

Естігенімді емес, көргенімді айтсам…

Қырғызда тек оппозиция емес, шолақ сақалдылар да жеңіске жетті, бермеген билікті жұлып алды. 5-не қараған түні мамандығы физрук С.Жапаровта, экс-президент А.Атамбаевта бірдей түрмеден шықты.

Екеуі де тығылып қалған президент Сооронбайдың жауы. Бірақ, бір күннен соң бірден премьерлікке ұмтылған Садырды сот «ақтады», ал ағынан жарылатын Алмазбекті үй қамаққа қолхатпен босатты. Қаңырап қалған үкімет үйін жақтастарымен бірге Жапаров екі күн қонақтады. 8-қазан күні Садырдың сақалды «сарбаздары» (сақалсыздары да аз емес араларында) сес көрсетіп, «Ало-Тоо» алаңын бастарына көтерді. 9-ы таңертең бірнеше партия амалсыз садырлықтарға қарсы бірікті де, түс қайта Атамбаев пен Бабанов бастағандар (кезінде бір-біріне саяси жау болған екеуі сыйласып қалыпты) үкімет үйінің алдында бейбіт митинг өткізді. Расын айтсам Бабановта, Атамбаевта ойға қонымды тәуір сөздер сөйледі.

Алаңдағы жастарда мәдениетті, көздерінен қанқұмарлық көрінбеді. Ақымаққа сеніп ақымақ болдым деп Сооронбайды да сойып салды астарлаған Алмазбек. Түс қайта Жапаровтың жақтастары ұрандатып тыныш тұрған алаңдағы Алмазбектердің қолдаушыларына соқтығысып, кимелей келіп төбелесті бастап жіберді.

Сойылмен келген Садырдың агрессивті адамдары аналарды жарты сағаттан соң тас-талқан етті. Премьерлікке ұмтылған Бабановты тепкілеп, жылыжайда қияр өсіруде тәжірибесі ғана болсада вице-премьерлікке үміткер нарындық патцан Тилек Токтогазиевты (оның артында миллионер, бандылығы бар, кезінде кеденді қолында ұстаған Текебаев тұр) ұрып, реанимацияға түсірді.

Алмазбек бронды машинасының арқасында оқтан аман (атыстан шамамен 60-70 метр жерде тұрдым) қалды. Қай жеңгенің біздікі дегендей болған билік «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген желеумен көпіріп сөйлегені болмаса жауыздығы жоқ Атамбаевты тағы құрбан қылып, түрмеге тоғыта салды (жазасы тағы ауырлайды). Қарсыластар бір-бірін банды, жемқорғып кіналап, бәрі өздерін даму, әділдік, сөз бостандығы жолындағы «күрескер» санайды.

Сонымен жақтастарының арасындағы сақалдылары, ережесіз жекпе жектегі спортшылары басым Садыр ақыры ЖК депутаттарында сескендіре отырып билікке келді. Көрші қырғыздар ұзақ уақыт дағдарыстан шыға алмайды, әлсіз экономикасын тағы тұралатты.

Бұқарасы интеллектісі жоғары саясаткерлер мен менеджерлерге зәру. Ең қауіптісі, шолақ сақалдылардың дәуірі басталған сияқты. Көтерілісшілердің арасында операторымды бірнеше рет жоғалтып, айғайлай жүріп аман қайттық қонақ үйге уфф деп)) Айтпағым, бекерде сынай беретін біздегі басқару тобы әлдеқайда мәдениетті, білімді, озық ойлы екен.

Әмірболат Құсайын, Facebook парақшасынан