Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

0
118

Сессияда облыста Ассамблея аясында жасалған жұмыстар қорытындыланды.

Сессия  барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Виталия ИоноТварионас құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш. Исмаилов, «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің өкілі, StreetWorkaut 2018 жыләлем чемпионы И.Ягьяев, жиһаз шығару цехының директоры А.Чигин, сөз сөйледі. Ш. Есенов атындағы КМТИУ «Қазақстан халқы Ассмаблеясы» кафедрасының меңгерушісі А.Мамбетова Елбасы жолдауын талқылап, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың атқарған жұмыстарына тоқталды.

«Вайнах» шешен және ингуш этно мәдени бірлестігінің өкілі Д. Элимханов: «Келесі жылды Елбасымыз Жастар жылы деп жариялағаны белгілі, бұл, жастарға көбірек көңіл бөлінеді деген сөз. Сондықтан, біз, өз еңбегімізбен, білімге құштарлығымызбен жәненақты істерімізбен еліміздің даңқын шығаруға міндеттіміз! Бізге тәуелсіздікті сақтау және нығайту үшін ерекше жауапкершілік жүктелді!» деді өз баяндамасында.

Сессия соңында белсенді қоғамдық қызметі, ұлттық бірлікті нығайтуға және қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі үшін облыстық этномәдени бірлестіктер мүшелеріне Алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара соңында сессия қатысушылары мен қонақтарға кішігірім концерттік бағдарлама ұсынылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы