«Мәңгілік полк» онлайн-шеруі 20 млн рет тамашаланды
Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. «Мәңгілік полк» онлайн-шеруінің трансляциясы 20 млн рет қаралды. Ұйымдастырушылар шеруді тамашалағандар саны артып келе жатқанын хабарлады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпағы «Мәңгілік полк» онлайн-шеруіне аталарының суреті мен ол туралы ақпарат жібереді, кейін фотоның экранға шыққанын күтеді.
«Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр. Кейбір анкета толықтыру үшін тұрғындарға қайтарылды», — деді акция ұйымдастырушылары.
Онлайн-шеру www.polkrf.ru сайтында және Халықаралық Мәңгілік полктың www.polk.press сайтында, сондай-ақ, ВКонтакте, Одноклассники әлеуметтік желілері мен «Okko» онлайн-кинотеатрында көрсетіледі. Ол жобаға қатысуға тапсырылған соңғы өтінішке дейін көрсетілетін болады.
Қатысушыларға аталарының суреті қай уақытта көрсетілетіні туралы хабарлама жолданады.
Жоба серіктестері Сбербанк пен Mail.ru Group. Басты ақпарат серіктесі — «Аргументы и факты» баспа үйі, таяу шетелдегі ресми ақпараттық серіктесі — Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі.
sputniknews.kz