«Мәңгілік даңқ – онлайн» акциясына өтініш қабылданып жатыр

0
14

Биыл «Мәңгілік даңқ» ауқымды азаматтық акциясы алғаш рет онлайн режимінде өтеді. Sputnik шеруге қалай қатысуға және қайдан көруге болатынын баяндайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. «Мәңгілік даңқ – онлайн» виртуалды шеруіне қатысу үшін 2 миллионнан астам өтінім берілді.

Шеруге қатысу үшін төмендегі ресурстарда анкета толтыру  керек:

Өтініштер 9 мамыр күні Мәскеу уақытымен сағат 15:00-ге дейін қабылданады. Онлайн-трансляция Петропавловск-Камчатский уақыты бойынша сағат 11:00-де – Мәскеу уақытымен түнгі сағат 2-де басталады.

«Трансляцияны шеру басталған сәттен бастап Ресейдің мәңгілік даңқы, Халықаралық мәңгілік даңқ сайтында және  «Окко» онлайн-кинотеатрында кез келген уақытта қарауға болады. Бұл сайттарда видеоны қажетті уақытқа ауыстырып, өз ардагеріңізді Мәңгілік даңқ сапынан көре аласыз», – деді «Ресейдің мәңгілік даңқы» Бүкілресейлік қоғамдық қозғалысы орталық штабының тең төрағасы Сергей Макаров.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы Жақын шетелдердегі ресми ақпараттық серіктес болды.

Жобаға «Сбербанк» ЖАҚ техникалық қолдау көрсетеді.

«Біз қысқа мерзімде «Мәңгілік даңқ – онлайн» жобасын іске қосу үшін барлық қажетті техникалық шешімді дайындай алдық», – деді «Сбербанк» басқармасы төрағасының орынбасары Станислав Кузнецов.

Оқи отырыңыз: Тараздықтар соғыс ардагерлерін ерекше құттықтады – видео 

Оның айтуынша, 2 миллионнан астам фотосурет жүктелген. Қатысқысы келетіндердің саны күн сайын артып келеді.

Mail.ru Group жобасының басқа серіктесі жасаған Одноклассники және ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі алаңдар «Мәңгілік даңқ – онлайн» жобасының қатысушылары арасында өте танымал.

Мамандар тәулік бойы онлайн режимінде кеңес беретін сенім телефоны ашылды. Оның нөмірі 8 – 800 – 20 – 1945 – 0.

Әрбір өтініш міндетті түрде модерациядан өтеді, содан кейін ғана ардагер онлайн-шеруге «жіберіледі».



sputniknews.kz