«Мән-жайды сұрамастан ұра жөнелді»: Павлодарда әйелге араша түспек болған тұрғын ер адамды ұрып өлтірген (видео)

0
16 қаңтарда Павлодар қалалық №2 сотында ер адамды ұрып өлтірген тұрғынға қатысты іс қаралды. Күдікті әйелге араша түсемін деп марқұмды абайсызда өлтіріп алған, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Irbis.tv ұсынған мәліметтерге сәйкес марқұмның туыстары ешкімді қорғаудың керегі емес еді дейді. Сөздерінше, күдікті мән-жайды анықтамастан жұдырық ала жүгірген.

Жанжал кешкі уақытта болған. Виталий Чеботковтың әйелі оның достарымен бірге көпқабатты үйдің ауласында ішімдік ішіп отырғанын айтады. Арада жанжал болып, оған сол жердегі әйелдер де қатысқан. Ал 36 жастағы Виталий әйелдердің бірін ұстап тұрыпты. Мұны көрген 29 жастағы жігіт әйелге араша түспек болып Виталийді ұрып жіберген.

«Әйелдер өз арасында ұрыса бастаған. Ол әйелдердің бірін төбелеспеуі үшін ұстап тұрған. Бөтен жігіт келіп, мән-жайды сұрамастан, ұра жөнелді. Күйеуім құлап, басымен бордюрге соғылған», – деді марқұмның жұбайы Виктория Соломатина.

Оқиға орнында Виталий Чеботковты оятуға тырысқан. Нәтиже шықпаған соң аурухана жеткізіпті. 20 күн комада жатқан соң ер адам көз жұмған. Батсапқыда қылмыстық істі “Кісі өліміне алып келген денсаулыққа ауыр зиян келтіру” бабымен қозғаған. Марқұмның туыстары мұндай айыппен келісіпті. Алайда іс материалға сотқа мүлде басқа баппен түскен.

«Қылмыстық кодекстің 104-бабы, 1-бөлігі «Кісі өліміне алып келген денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіру» бойынша өзгерді. Сот бұл өзгеріспен келісті. Сонымен қатар сот мемлекеттік айыптаушы сұраған жазамен келісті, бұл 2 жылға бас бостандығынан айыру», – делінген хаарламада.

Айыпталушы 2 жылға сотталды және марқұмның анасы мен әйеліне моральдық өтемақы төлеуі керек.