Мамин Жаңа жыл алдында министрлер мен әкімдерге бірқатар тапсырма берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алдағы мереке күндері қазақстандық полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейтіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин жаңажылдық мереке күндері әкімдер мен министрлерге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Алдағы мереке күндері өңірлердің әкімдіктері барлық қызметтің кезекшілік кестесін қатаң сақтауы қажет. Жылу және электрмен жабдықтау тұрақты болуы тиіс. Алдын ала болжам бойынша, қаңтар айында қатты аяз күтілуде. Сондықтан әкімдер жылыту маусымын жеке бақылауда ұстауы керек», – деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер-министр энергетика министрлігіне жылу орталықтарындағы қазандықтар мен жанар-жағармай станцияларындағы отын қорын бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ, мереке күндері ішкі істер министрлігі күшейтілген режимге ауысып, азаматтардың тынышытығы мен қауісіздігін қамтамасыз етеді.

«Жаңажылдық шаралар өткізу орындарында өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп мәселелеріне мониторинг жүргізу қажет. Сонымен қатар, автокөліктердің жолдағы қауіпсіздігі бойынша алдын алу шараларын уақытында қабылдау керектігін тағы да ескертемін», – деді ол.

Мамин жалпы бақылауды орынбасары Роман Склярға жүктеді. 

Айта кетсек, қазақстандықтар Жаңа жылда 1, 2, 3, 4 қаңтар қатарынан төрт күн демалады. Ал 5 қаңтар, жексенбі жұмыс істейді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 4 қаңтар да – жұмыс күні.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз