Мамандар шашты қанша уақыт аралығында жуу керек екенін айтты — Қазақстан жаңалықтары
Американың бірнеше салонының қызметкерлері шашты қанша уақыт аралығында жуу керек екенін айтты.
Нью-Йорктегі салон иесі Джулиана Фареланың пікірінше, шашты сусабынмен және кондиционермен аптасына 2-3 рет қана жуу керек. Ал, күн сайын жуса, шашқа айтарлықтай зиян келеді.
«Күн сайын жуғанда сусабын шаштың өзіндік майын кетіріп атстайды. Содан құрғақтық пайда болады. Шаш құрғаса, сынғыш болады», — дейді маман.
Жұлдыздардың шашын жасаушы маман Поль Кучинеллоның айтуынiа, егер шашыңыз жұқа болса, тіпті аз жуыңыз. Шаш үлгісін үнемі жасағаннан құртылған шашты аптасына екі рет қана жуу керек.
Тағы бір маман, Bauhaus салонының стилисі Скотт Миллер күн сайын шаш жууға қарсы.
«Егер күнделікті шаңды жерде жұмыс істемесеңіз немесе күнделікті спорт залда терлеп жаттығу жасамасаңыз, шашыңызды күнделікті жумаңыз», — дейді ол.
stan.kz