Шри-Ланкадағы теракт кезінде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

0
35

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі алдын ала ақпарат жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша Шри-Ланкадағы жарылыстар кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланка ІІМ сілтеме жасап.

Шри-Ланкада болған террористік әрекеттерге байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасаған болатын. 

«Қазақстан 2019 жылғы 21 ақпанда Шри-Ланканың астанасы Коломбода, сондай-ақ Негомбо және Баттикалоа қалаларында көптеген бейбіт адамдардың өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды», – деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.

Шри-Ланкадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 160 адамға жетті

Жергілікті Ada Derana басылымы жазғандай, католиктік Пасха мейрамын тойлау кезінде барлығы сегіз рет жарылыс болған: Коломбодағы Shangri-La, Cinnamon Grand және Kingsbury  бес жұлдызды қонақүйлерінде және Котахена, Негомбо мен Баттикалоа қалаларындағы үш шіркеуде.

Guardian зардап шеккендердің дені жергілікті тұрғындар екенін хабарлады. Жарылыстар кезінде түрлі мәліметтерге сәйкес, 9-35 шетелдік көз жұмған.  

Екі шіркеуде жойқын жарылыс болды: 80 адам зардап шеккен – фото

Шри-Ланканың Қорғаныс министрі  Руван Вийевардене сегіз жойқын жарылыстың екеуін террористер жасағанын мәлімдеді. Оладың тұлғалары анықталған. Экстермистік топ мүшелері болған. Олардың екеуі теракт алдында полиция учаскесінен қашып кеткен.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз