мамандар көгершін өлексесіне қатысты түсініктеме берді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мамандар алматылық саябаққа барып,тиісті сынама алады. Кейін зертханалық зерттеу жүргізілетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы саябағында әлсіреген немесе өлген көгершіндердің суреті пайда болды. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінде жағдайды түсіндірді.

«Біз бүгінАлматыда 28 панфиловшысаябағындағы әлсіреген көгершіндер мен құс өлексесі түсірілген суреттерді алдық», — деп жазды әлеуметтік желіде комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары саябаққа барады. Ділдахмат өзге мемлекеттік орган өкілдері де баратынын айтты. 

 

 



sputniknews.kz