МакГрегор Мейвезерден жеңілген жапон кикбоксшысымен кездесуге ниетті — Спорт

0

Ирланиядық файтер Конор МакГрегор Флойд Мейвезерден жеңілген жапон кикбоксшысы Тенисн Нацукавамен кездесуге ниетті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы МакГрегор Twitter желісінде жазды. Файтер бұл жекпе-жекті биыл жазда ұйымдастыруды сұрады. Ол жапон спортшысымен ММА ережесі бойынша көрме жекпе-жегі аясында кездескісі келетінін айтып отыр.

 «Токиоға барып, Тенсин Нацукавамен ММА ережесі бойынша көрме жекпе-жегі аясында кездескім келеді. Осы жазға дейін. Осыған келісім жасауды сұраймын. Құрметпен, чемпион», — деп жазды Конор.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz