“Майқайың сияқты осы жер неғып опырылмайды екен” — Сәуле Әбілдаханқызы Алматыда өткен “Көгілдірлер” байқауы туралы айтты

0

Алматыда өткен “көгілдірлер” байқауы әлеуметтік желіде шу тудырды. Журналист Сәуле Әбілдаханқызы бұл оқиғаға Facebook парақшасында пікір білдірді.

“Мына азғындарды да, осыны ұйымдастырушыларды да, бұларға шыңғырып, қиқылдап-шиқылдап отырғандарды да жер жұтса да обалы жоқ… Майқайың сияқты неғып дәл осы жер опырыла салмайды екен…

Өкініштісі, бұл зиянкестердің зауалы өздеріне ғана емес, бүкіл елге тиетіні қиын… жұқпалы вирустар жастарға жылдам жұғып, тез тарап жатыр…

Депутаттар батыл күреспесе, бұлармен қоса, сол депутаттарды да, үкіметті де, бізді де жер жұтады… бұл аксиома», — деп жазды журналист.

Бұл жағдай оқырмандардың да шамына тиген болуы керек. “Ұйымдастырушыларға айыппұл салу керек”, “Заңмен тоқтату керек”, “Алла сақтай гөр” деп жарыса жазды.