Махмұд Сабырхан жеңіске жетті
Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды kznews.kz сайты olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Белградта бокстан әлем чемпионатының 1/2 финалының жекпе-жектері жалғасуда. 54 келі салмақ дәрежесі бойнша жартылай финалда қазақстандық Махмұд Сабырхан қарсыласынан басым түсті. Ол үндістандық Акаш Кумарды ұтып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы екінші финалы болып саналады. Осыған дейін 48 келіде Теміртас Жүсіпов финалға шыққан болатын.
Белград шаршы алаңында финалдық жолдаманы сарапқа салу үшін Қазақстан сапынан тағы үш спортшы шығады. Олар: Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов және Сәкен Бибосынов.