Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының финалына шықты

0

Қазақстандық Сәкен Бибосынов бокстан Белградтағы әлем чемпионатының финалына шықты, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

51 келіге дейінгі салмақта Бибосынов жартылай финалда таиландтық Тханарат Саенгпфетті жеңді. Бес төрешінің төртеуі жеңісті Бибосыновқа берді.

Қазақстандық боксшы турнир барысында өзбекстандық Хасанбой Дусматовты, үндістандық Дипакты, колумбиялық Ривас Мартинесті жеңген еді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов пен Махмуд Сабырхан да финалға шыққан. Ал Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанған болатын.