Магнитогорскіде зардап шеккен тәжік азаматы есін жиды

0

Ресейдің Магнитогорск қаласындағы көпқабатты үйде болған апаттан зардап шеккен Тәжікстан азаматы есін жиды. Шухрат Улфатовтың туыстары Азаттық тілшісіне Екатеринбургтегі Тәжікстан елшілігі және тәжік диаспора өкілдерімен сөйлескенін айтқан.

“Шухраттың ең бірінші сұрағаны әйелі мен балаларының жағдайы болды. “Бәрі дұрыс” деп оны алаңдатпауға тырыстық. Қазір Шухратқа әйелі мен бала-шағасының өлгенін қалай естірту керектігін ойластырып отырмыз” деді оның туысы Бахтиёр Султонов.

26 жастағы Тәжікстан азаматы Шухрат Улфатовты 31 желтоқсанда жарылыстан кейін үйінділер астынан тапқан. Апаттан 39 адам қаза тапқан. Олардың арасында Шухрат Улфатовтың әйелі мен үш баласы да бар. Оның отбасын 7 қаңтарда Тәжікстанда жерледі.

Видео: Магнитогорскіде қаза тапқандар саны 40-қа жуықтады (3 қаңтар 2019 жыл)

Дереккөз: Азаттық