Мәдениет министрлігі жауап берді: Қапшағайдағы ойын зонасы көшіріле ме?
Қапшағайдағы ойын зонасын басқа өңірге көшіру жоспарда бар ма? Мәдениет және спорт министрлігі әзірге бұл сұрақты қарастырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды. Жетісу облысының орталығы — Талдықорған болса, Алматы облысының орталығы — Қапшағай болмақ.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, казино, ойын автоматтары залы, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды орналастыру аймағын әкімдіктер мәдениет және спорт министрлігімен келісе отырып анықтайды.
«Қазіргі уақытта Алматы облысындағы ойын зонасының орналасу жерін ауыстыру мәселесі үкіметтің күн тәртібінде тұрған жоқ», — деп хабарланды министрліктен.