Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды

0

Қазақстан Халық партиясының басшылығы ауысып, партия төрағасы болып Ермұхамет Ертісбаев тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Қазақстан Халық партиясының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кезектен тыс съезд барысында партия төрағасы қызметіне Ермұхамет Ертісбаевтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

Ал Қазақстан Халық партиясының бұрынғы басшысы, мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбасары болды.