М.Тайжан Марғұлан Сейсенбайдан 390 мың доллар гонорар алды ма?

0

Кезінде жер мен салық кодексінде Марғұлан Сейсенбайдың кәсібіне керек өзгерістерді енгізіп берген Мұхтар Тайжан «HARD-talk» бағдарламасына сұхбат берді. Журналистің
«Сол қызметіңізге шамамен 390 мың доллар шамасында гонорар алды деген қауесет тарады. Бұл қаншалықты рас? Жер қорғаны ірі бизнесмендердің мүддесін қорғайтын партияға айналып кетпей ме?» деген сауалына М.Тайжан:

«Жоқ, біз бұл жерде 448-бапқа өзгеріс енгіздік. Себебі бұл бап жемқорлыққа өте тиімді еді. Сондықтан тек Марғұланның фирмасына емес, түгел аграрлық секторларға зиянын тигізуі мүмкін еді. Тіпті шыны керек, ондай ереженің бар екенін маған М.Сейсенбай айтты. Ол кезде Марғұлан 300 миллион долларды инвестицияға салыпты. Барлық кәсіптің дамуына бұл бап кедергі болатын еді. Алайда оның оңай жұмыс емес екенін ескерттім. Әрине, кез келген жұмысқа қаражат қажет. «Ал сен оны қаржыландыруға дайынсың ба?» деп сұрадым. Ол «дайынмын» деп жауап берді. Тек Марғұлан ғана емес, аграрлық секторға қатысы бар кәсіпкерлер маған алғысын білдірді. Мен бұл жұмысты жасырын жасаған жоқпын, барлығын жазып отырдым. Ал қаражат туралы айтсақ, мен ешкімнің ақшасын ұрламадым, бюджеттен бөлінген қаражатқа қол салмадым, бұл жеке бизнесмендердің арасындағы келісім болды, — деп жауап берді.

(фото: ehonews.kz)