М. Сұлтанғазиев мемлекеттік кірістер комитетінің қызмет сапасын көтеру нәтижелерін баяндады

    0
    101

    Қызмет сапасын көтеру бойынша

    Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың мақсаты —  клиенттің фискальды органның қызметкерімен байланысты барынша азайту болып табылады, ол уақыт және қаржы шығындарын үнемдеуге әсер етеді.

    Бүгінгі күннің өзінде 44 қызметтің 30-ы электрондық форматта қол жетімді, 26 қызмет бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтерді алудың баламасы ұсынылды. Электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 94% құрады.

    2018 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары барлығы – 18,4 млн. қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық нысанда — 17,3 млн. немесе 94%, қағаз жеткізгіште — 1,1 млн. немесе 6%.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру, экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде рәсімдерді оңайлату және тездету шеңберінде АСТАНА-1 және Е-Терезе ақпараттық жүйелері енгізілуде.

    Оларды енгізудің оң әсерін біз бүгінгі күні байқап отырмыз, мәселен, декларациялардың 65%-ы экспорттық-импорттық операцияларды өту кезінде лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз автоматты режимде шығарылады, бұл ретте кедендік тазартудың орташа уақыты 1 минутты құрайды.

    Жұртшылықпен кері байланысты дамыту бойынша

    Заңнамадағы жаңалықтармен қоғамды кеңінен жария етудің кері байланысын дамыту, сондай-ақ Қаржы министрлігінде шешімдер қабылдауда қоғамдық институттардың және азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету шеңберінде тұрғындар алдында есеп беретін қоғамдық кеңес құрылды, онда сондай-ақ МКК қызметіне қатысты мәселелер талқылануда.

    Аталған қоғамдық кеңес шеңберінде 2018 жылы жұртшылық пен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен 5 отырыс өткізілді.

    Комитетпен тілшілер мен блогерлердің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен жаппай салық мәдениетін насихаттау және қалыптастыру үшін тұрғындармен байланыстың барлық арналарын пайдаланамыз.

    БАҚ-та Комитеттің қызметін тұрақты жария етудің негізінде жыл сайынғы бағалаудың қорытындысы бойынша ақпараттардың мазмұндылығымен, қолжетімділігімен қанағаттанудың деңгейі 5 баллдың ішінде 4,7 баллға бағаланды.

    Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шаралары туралы

    Көлеңкелі экономика елдің экономикасын тежейтін және сыбайлас жемқорлық ортаға көмек беретін елдің экономикалық қауіпсіздігіне күрделі қауіп төндіретіні белгілі.

    Нәтижесінде, жұмысты қарқынды жүргізу мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге және АЖ-ден алынған мәліметтерді пайдаланумен қашықтықтан мониторингке акцентті ауыстыруға назар аударылды.

    Бұзушылықтардың жоғары тәуекелі бар аймаққа көңіл бөлу және салық міндеттемелерін ерікті түрде орындау қағидаттарын кеңейту нәтижесінде камералдық бақылау бойынша өндірудің үлес салмағы 88% дейін көтерілуіне қол жеткізілді.

    Осылайша, 2018 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша бюджетке 162,1 мрлд. теңге өндірілді.

    2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тексерулер саны 53%-ға қысқарды (2017 жылы – 34 636, 2018 жылы – 16 232).

    Көлеңкелі экономиканың деңгейін қысқартуда және кәсіпкерлер ортасында адал бәселестікке ынталандыруда азаматтардың қоғамдық бақылауға қатысуға мүмкіндік беретін «Чекті талап ет те – ұтысты жеңіп ал!» акциясы сияқты халықтық бақылау шараларының бірі өз үлесін енгізеді, бұл ретте бағалы сыйлықтар да ұтып алады.

    Акция шеңберінде 2017 жылы 336 ұтыстан астам ойнатылды,  бас жүлде — автомобиль. Еліміз бойынша акцияға 2,5 млн астам фискалдық чектер қатысты.

    Бұдан басқа, Комитет тұрақты түрде салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту бойынша, кәсіпкерліктің қорғалуын қамтамасыз ету және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша талдамалық және заң шығармашылық жұмыстарын жүргізуде.

    Қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі ҚР Заң шеңберінде залалды ерікті түрде өтеген жағдайда алғашқы рет іс-әрекетті жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату жөнінде салықтық құқық бұзушылықтар бойынша залалдың шекті сомасын 2000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін көтеру, әкімшілік айыппұлдарды төмендету және т.б. бөлігіне өзгерістер енгізілді.

    Комитет қызметін транформациялау шеңберінде алдын ала қабылданып жатқан жоғарыда көрсетілген барлық шаралар бизнеспен әріптестік қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.