Лука Модрич «Алтын доп» иегері атанды
Хорватия құрамасы мен мадридтік «Хорватия» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич «Алтын допқа» ие болды.
«Алтын допты» бейресми жылдың ең үздік футболшысына берілетін марапат деп айтады. 2007 жылдан бері бұл марапатты Месси мен Роналду бес реттен жеңіп алған болатын. France Football журналы табыстайтын мәртебелі сыйлық иегері әлем елдері тілшілерінің дауыс беруі бойынша анықталған. Ең көп дауысқа ие болған Лука Модрич өз мансабында алғаш рет бұл жетістік шыңын бағындырды.
Биыл Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатында ерекше көзге түскен хорватиялықты France Football журналы әлемдегі ең үздік футболшы деп таныған. Модрич «алтын допты» қолына ұстап «Реалдағы» әріптестеріне, клубтың барлық қызметркерлері мен бапкерлеріне алғыс айтты. Ол — осындай марапатқа ие болған Хорватиядан шыққан алғашқы футболшы.
33 жастағы жартылай қорғаушы «Реалдың» Чемпиондар лигасын жеңуіне, сондай-ақ футболдан әлем чемпионатында Хорватияның жақсы өнер көрсетуіне үлес қосты. Ал ең үздік футболшы қыз атағын норвегиялық Аде Хегерберг жеңіп алса, Kopa Trophy –жүлдесіне Килиан Мбаппе ие болған.
30 үміткер ішінде «Алтын доптың» үздік бестігі:
Лука Модрич, («Реал»);
Криштиану Роналду («Реал»/»Ювентус»);
Антуан Гризманн («Атлетико»);
Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен»);
Лионель Месси («Барселона»).