Дамир Ысмағұлов қарсыласына сыйлық жасады — Спорт

0

Ресей атынан шыққан қазақ файтері Дамир Ысмағұлов қарсыласы Алекс Горджеске сыйлық жасады. Ол төрешілердің бірауыздан берген шешімімен жеңіске жеткен еді. 

Лақапаты «Хитмэн» аустралиялық спортшы Горджес жекпе-жектен кейінгі әсерін бөлісіп, жеңімпаздан алған сыйлығын, Қазақстан шоколадын көрсетті. 

«Өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Қарсыласым Дамир Ысмағұловты үлкен жетістігімен құттықтаймын. Жеңіліс сағымды сындырмады, келесіде одан да күшті болып келемін. Шоколад пен бейсболкаға рақмет, сақтап қоямын», — деп жазған Горджес Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Дамир Ысмағұлов Аустралиядағы Аделаида қаласында өткен UFC Fight Night 142 турнирінде дебютін жасады. Оның қарсыласын октагонның қожасы Алекс Горджес болды. Үш раундтан кейін Ысмағұлов төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Октагонға ол қазақ әнінің сүйемелдеуімен Ресей және Қазақстанның туын желбіретіп шықты. Кейінірек ол неге мұны істегенін түсіндірді. Сонымен қатар, Ысмағұлов UFC-де жеңіске жеткен алғашқы қазақ болды.

Осы жекпе-жек үшін Ысмағұлов 23 500 доллар алды: 10 000 доллар рингке шыққаны үшін, 10 000 — жеңісі үшін және 3 500 долларды демеуші ретінде Reebok берді. Оның қарсыласы Горджес 13 500 доллар алды. Ал турнидегі ең көп гонорар Марк Хантке, 765 000 доллар берілді. Оның 750 000-ы жекпе-жекке шыққаны үшін және қалған 15 000 долларды Reebok берді.