LRT құрылысына кететін $1 млрдты малы аштан қырылып жатқан халыққа берсін

0
502

Мұндай пікірді қоғам белсендісі Жәнібек Қожық айтты.

«Астанадағы LRT құрылысына қазынадан 1 миллиард доллар бөлінуіне қарсымын!
Сол ақшаны малдары аштан қырылып жатқан Маңғыстау облысы мен Қызылорда облысы, Арал ауданы шаруаларына арзан жем-шөл алуға бөлінсін!» деді Ж.Қожық.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өткен брифингте құрылысы қайта жанданған LRT жобасы туралы айтқан болатын. Онда әкім: «Қазір жобаны аяқтау үшін шамамен бір млрд доллар қажет» деген болатын.