Лиз Трасс Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кетті
Лиз Трасс Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кетті, — деп хабарлайды The Guardian.
«Лиз Трасс 45 күннен кейін премьер-министр қызметінен кетті», — делінген хабарламада.
Трас Ұлыбритания тарихындағы ең қысқа мерзімде қызмет атқарған премьер-министр болды.
Басылым мәлімдемеден кейін Трасс базарларды құлатып, екі негізгі министрден айырылып, барлық дерлік депутаттарының сенімін жоғалтқанын атап өтті.
Бұған дейін, ВВС-дің хабарлауынша, Консервативті партияның британ парламентінің мүшесі Суэлла Браверман ішкі істер министрі қызметінен кетті. Ол осы қызметте алты апта ғана болған.
фото: eadaily.com