Лавров: Үшінші дүниежүзілік соғыс тек ядролық болуы мүмкін

Russian Minister of Foreign Affairs Sergey Lavrov speaks during a press conference at the OSCE Ministerial Council at the fair halls in Hamburg, Germany, 9 December 2016. About 50 ministers of foreign affairs participate in the conference of the Organization for Security and Co-Operation in Europe between 8 and 9 December in Hamburg. Photo: Christian Charisius/dpa
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресейлік және шетелдік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ядролық соғыс ресейліктердің емес, батыс елдерінің ойында екенін айтты.
«Үшінші дүниежүзілік соғыс тек ядролық болуы мүмкін екенін бәрі түсінеді. Бірақ мен сіздердің назарларыңызды аударамын: ядролық соғыс орыстардың емес, батыстық саясаткерлердің көкейінде жүр. Біз бұл арандатушылықтың бізді теңгерімсіздікке ұшыратуына жол бермейміз. Егер бізге қарсы нағыз соғыс басталса, онда мұндай жоспарларды құрғандар бұл туралы ойлануы керек. Олар жеңіледі», — деді Лавров ТАСС-қа.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясының әскери доктринасында ядролық қаруды қолданудың шарттары жазылған, соғыс оты өршитіндей (деэскалация) шиеленіс жоқ.
«Бізде ядролық қаруды қолданудың параметрлері мен шарттарын сипаттайтын әскери доктрина бар. Батыс сарапшылары бізді айыптауға тырысып жатыр. Деэскалация үшін бізде ешқандай шиеленіс жоқ. Бірақ қазір ядролық соғыс туралы әңгіме жүріп жатыр. Мен сізден жасалған мәлімдемелерге және осы мәлімдемелерді жасайтын кейіпкерлерге мұқият қарауыңызды сұраймын», — деді Ресей сыртқы істер министрі.