Қанат Сұлтанбеков: Тасмағамбетовтың кінәсін менің мойныма ілмек болды

0

Тасмағамбетовтың кінәсін менің мойныма ілмек болды. ЛРТ-ның басты фигуранты Қанат Сұлтанбеков Atameken Business арнасына берген эксклюзивті сұхбатында осындай мәлімдеме жасады.

Экс-шенеунік Кәрім Мәсімов тарапынан қысым болғанын жасырмады.

Әйтпесе, ЛРТ-дағы былыққа ешқандай қатысым жоқ дейді. Осыны айтып Антикор мен Бас прокуратураға да хат жолдаған.

Бірақ жауапты органдар бір-біріне сілтеп отырған көрінеді. Қанат Сұлтанбеков әділдік іздеп, елге келуге қорқатынын да айтты.