Латвия банктерінде ресейліктердің 11 миллион еуродан астам қаржысы бұғатталған
Латвия билігі әлі де өз банктеріндегі ресейлік ақшаны іздестіріп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Латвия банктерінде ресейліктерге тиесілі 11,5 миллион еуро бұғатталды. Бұл қаржы санкцияға ұшыраған адамдарға – екі жеке тұлға мен 26 заңды компанияға тиесілі.
«Тергеу жалғасып жатқанын ескерсек, бұғатталған қаражаттың көлемі болашақта артуы мүмкін; оған тәуекелі жоғары кейбір клиенттердің шоттары бойынша операциялар тоқтатылып, жаңа санкциялар енгізілді», — деп келтіреді BB.LV Қаржы және капитал нарықтары жөніндегі комиссияның (FCMC) хабарламасын.
Сонымен қатар санкциялар тізіміне енген Беларусь азаматтарымен қандай да бір байланысы бар кейбір компаниялар да бұғатталды.
Қаржы және капитал нарығы жөніндегі комиссия Рига минералдық тыңайтқыштар терминалы, Riga Fertilizer Terminal компаниясының қаражаты Латвия банктерінің бірінде бұғатталғанын хабарлады. Оның иесі ресейлік кәсіпкер Дмитрий Мазепин бір күн бұрын ЕО санкцияларының жаңа тізіміне енді. Ресейлік азаматтың ақшасын Латвияның қай банкінде және қандай көлемде сақтағаны туралы мәлімет нақты берілмеген.