Ләйлә Сұлтанқызын аяусыз сынға алған Байзақова жұртты шулатты — новости Казахстана

0

Атышулы блогер Айжан Байзақова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «Өз ойым» бағдарламасын сынға аламын деп желіде қызу талқыға түсті. Бойжеткеннің Instagram парақшасында жазған жазбасына оқырмандар өз пікірін білдірген деп жазады NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызын сынға алған Байзақова желіні шулатты

Фото:Ләйлә Сұлтанқызы мен Айжан Байзақова жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Отандық арнаны тамашалағаны үшін өкінген Байзақова танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін бағдарламадағы сөйлеу әдебін сынға алған.

«Маған отандық арналарды көрме дейтін. Сөйтсем, білетіндер бекер олай айтпайды екен. аңғы сағат 05:00-те «Өз ойым» бағдарламасын көремін деп, қатты таңғалдым. Тележүргізушілер бұл жерге қалай келген?

Екі сөздің басын қоса алмай отырып, «қатын» және «гей» деп айта беретін ер адам — барып тұрған «гомофоб». Бұл орынға қалай келдің? Жүргізуші ер адам аузын ашқан сайын, сөйлемесе екен деп отырдым.

Жүргізуші әйел бұрыннан танымал екен. Бірақ ешқандай этика жоқ. Ол ұлттық арнада қалай жұмыс істеп келе жатыр? Телевидение сіздің желідегі жеке парақшаңыз емес.

Бағдарламаға келген қонақты әдейі ашулануға итермелейді де, артынша өзі сабырға шақырады. Бұл не деген сұмдық?

Сосын бағдарламаға шақырылған адам неге қазақша сөйлеуге міндетті? Керек болса, аудармашы жалдаңыздар.

Осы бағдарламаның құрметті жүргізушілері, ең бірінші дұрыс сөйлеуді үйреніңіздерші. Өздеріңіздің діни көзқарастарыңыз бен тәрбиелеріңізді тықпалағанды қойыңыздар», — деді Айжан Байзақова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, желі қолданушыларының бір бөлігі атышулы арудың жазбасымен келіссе, екіншілері Байзақованың өзін сын астына алды.

«Өзің балағат сөздің түр-түрін жазасың», «Алдымен өзіңе қарап алсаңшы», «Олар туралы жазсаңыздар, демек ол кісілер қандай жолмен болса да, шоу жасады деген сөз».

«Сонда сен ғана ойыңа келгенін жасауың керек пе?», «Сіз әлі басқа бағдарламаларды көрмедіңіз», — деп жарыса жазды көпшілік.