Ер адам өз көлігінің астында қалып, көз жұмды

0
124
Ер адам өз көлігінің астында қалып, көз жұмды


Ақмола облысында 48 жастағы ер адам көлік астына түсіп, мерт болды.

Деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға қарашаның 20-ы күні Целиноград ауданының Софиевка ауылында болған. 48 жастағы тұрғын ВАЗ-2114 көлігін жөндеп жатқан. Сол кезде, көтергіш тайып кетіп, көлік иесі басып қалған.

Ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Қазіргі кезде полиция аталмыш оқиғаға байланысты тексеріс жүргізуде», – деді Ақмола облыстық ПД баспасөз хатшысы Әсем Әбдрахманова.