Ләйлә Сұлтанқызы әдемі өмір сүрудің алты қағидасын айтты

0

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде оқырмандарына аса маңызды кеңес берді. Ақпарат өкілі көпшілікке әдемі өмір сүрудің басты қағидаларын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ. Ләйлә Сұлтанқызы өмір туралы жазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. «Әдемі (жеңіл,дұрыс, бақытты) өмір сүрудің 6 қағидасы: Өзіңізді еркін ұстаңыз. Соңғы жылдары “Қалай бақытты болу” деген бос әңгімеге 8 миллиондай репост жасалыпты. Неғұрлым бай, бақытты, баланста болуды ойлай берсеңіз соғұрлым тез қажып, шаршап кетесіз. Бақытты болуды үйрену мүмкін емес, оны тек сезіну керек.

Өмірдегі қиындықтардан қашпаңыз. Бізге қиындық, ауыртпашылық әкелетін нәрселердің артында үлкен “сыйлық” бар. Спортзалдан кейін денеңіздің ауруы- әдемі фигура болса, жұмыста қиналғаныңыз кәсібилігіңізді арттырады.

Басқалардан өзгеше болуға тырыспаңыз. Жаратушы бізді онсыз да жеке дара ерекше етіп жаратқан. Ерекшеленуге әдейі тырысу кейде күлкілі.

Өміріңіздегі басты құндылықтарды анықтаңыз. Ол міндетті түрде жақсы мінез-құлық емес, кез-келген жағдайда өз пікіріңіз бен көзқарасыңыздың болуы; Әрдайым біреудің ойымен, сөзімен жүрмеңіз жеке тұлға ретінде нөл боласыз.

“Жоқ” деп айтуды үйреніңіз. Біздің қоғамда қалыптасқан ұят боладының жетегінде кете бермей, ұнамайтын нәрседен бас тартып, жеке шекараңызды бұзбаңыз

Өзіңізге жауапкершілік алыңыз.Барлық сәтсіздікке біреуді кінәлауды қойыңыз, “әкім кінәлі, мұғалім кінәлі, күйеуім, енем кінәлі” дұрыс емес. Болған жағдайға өз жауапкершілігіңізді сезініңіз, өзіңізге, өз күшіңізге ғана сеніңіз, сонда ғана өміріңіз түрлене түсед», — деп жазды тележүргізуші.