Instagram жұмысынан ақау шықты

0

Бірқатар елдерде Instagram қолданушылары қызметтегі ақауға шағымданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Downdetector агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі ақау туралы АҚШ, Канада, Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Франция, Ресей және басқа да елдердің пайдаланушылары хабарлады.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 14.33-тен кейін пайда болды.

Хабарламалардың көпшілігі қосымшаның жұмысына (55 пайыз), серверге қосылу проблемаларына (22 пайыз), жаңалықтар таспасының дисплейіне және веб-сайттың жұмысына (22 пайыз) қатысты.


Тегтер:Instagram