«Күніне 60 мәйіт шығарады»: Ақтөбеде хабарлама таратқан адам іздестіріліп жатыр

0
59

Ақтөбе облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов WhatsApp жаңалықтар парағына түсініктеме беріп, Ақтөбеде туберкулезге қарсы диспансерде күніне 50-60 пациент өледі деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерді бақылау барысында WhatsApp мессенджерінде күн сайын туберкулез ауруханасынан шығарылатын 50-60 мәйіт туралы ақпарат тарататындығы анықталды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Хабарламаның авторын анықтау үшін шаралар қабылдануда», – деді Нұрмағамбетов.

Жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық кодекстің «274-бабы» «Көрінеу жалған ақпаратты тарату» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету