Күйеу жігіт той үстінде жоғалып кетті

0
Күйеу жігіт той үстінде жоғалып кетті


Күйеу жігітті құқық қорғаушылар сыртқа шақырып, қолын қайырып алып кеткен.

Қырғызстанда қызық жағдай болды, үйлену тойы күйеу жігітсіз өтті.

«Күйеу жігітті милиция алып кеткенге дейін бәрі мінсіз өтіп жатты. Алғашқы жарты сағатта жас жігіт қайда кеткенін ешкім түсінген жоқ, ал оған қоңырау шалған кезде ішкі істер бөлімінде отырғаны белгілі болды. Бұған кімнің қатысы бар екенін білмеймін, алайда оқиға былай өрбіген: күйеу жігітке біреу қоңырау шалады да, тойға сыйлық әкелгенін айтып, сыртқа шығуын өтінеді. Сол жерде қолын қайырып алып кеткен», — деді асаба Ерік Молдалиев.

Оның айтуынша, алдымен қалыңдыққа ешкім ештеңе айтпаған, алайда мұндай жиында күйеу жігіттің жоқ екенін жасыру мүмкін емес еді. 

«Қалыңдық жігіт байланысқа шығып, жағдайы жақсы екенін айтқаннан кейін ғана тыныштала бастады. Айтпақшы, күйеу жігіттің болмауы қонақтардың көңіл-күйіне әсер етпеді. Мен өз жұмысымды атқардым, қонақтар көңілді отырды. Тойдың негізгі бөлігі бас кейіпкерсіз өтті, ол тек 23.00-ге қарай оралды, аман-есен екен», — деп толықтырды асаба жігіт. 

Дереккөз: sputniknews.kz