«Көзсіз ғашық болдым»: Тұңғышбай Жаманқұлов өзінен 24 жас кіші шәкіртіне қалай үйленгенін айтты
Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов жұбайы Дәрия Әбдімәлікқызының өзінен екі мүшел кіші екенін айтты. Актер шәкіртіне көзсіз ғашық болып, үйленгенін Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жасырмай, баяндап берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
«Оқушым, ол кезде сөзді ойлайтын жағдай болмады. Мен оның (әйелінің — ред.) еңбекқорлығына, ой-пайымына тәнті болдым. Таптаурын болып кеткен сөзбен айтсақ, көзсіз ғашық болдым. Белді будым да, осы шешімге бардым. Алдында өмірімнің бәрі жақсы еді демей-ақ қояйын. Бірақ, оның маған деген үлкен сыйластығы сезімге айналды. Біз жасырын жүруге қорқып, ашық кеттік. Маған біреу «Атағыңыз бар, қызықсыз. Сізден екі мүшел кіші, оны жақсы көрсеңіз көңілдес болып жүре бермедіңіз бе?» деді. Мен «Көңілдес бола алмаймын. Мен тек күйеу бола аламын» деп аузын жаптым. Құдайға шүкір, екі ұл, бір қызым бар. Үлкен ұлым Мәскеуде университет бітіріп келді. Екінші ұлым тіс дәрігері мамандығын оқып жатыр. Қызым 10 сыныпта», — деді Тұңғышбай Жаманқұлов. Естеріңізге сала кетейік, театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың жақында көпшілікке ұсынған «Ажырасам» фильмі жайлы айтқан болатын.