«Менің уақытым әлі келген жоқ»: Әйгілі Конор МакГрегорды көлік қағып кетті

0

Әйгілі UFC жұлдызы, ирландиялық спортшы Конор МакГрегорды көлік қағып кетті. Бұл туралы спортшы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Жаңа ғана мені көлік қағып кетті. Жүргізушінің кінәсі жоқ, оның көзі күнге шағылысты. Мені қатты жылдамдықпен соқты. Қуанышқа қарай, менің уақытым әлі келген жоқ. Күрес пен дзюдоға рахмет. Құлай алатыным менің өмірімді құтқарды», — деп жазды ирландиялық спортшы.

Айта кетелік, Конор МакГрегор екі салмақта бұрынғы UFC чемпионы саналады. Ол ережесіз жекпе-жекте 22 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. Оның ішінде, әйгілі дағыстандық балуан Хабиб Нурмогамедовтен де ұтылған болатын.