«Көзқарасымыз да, түсінігіміз де бір»: Роза Рымбаева келінімен арақатынасы туралы айтты
Роза Рымбаева бүгінде жұлдызды келінімен арадағы қарым-қатынасы қандай екенін ашық айтты. Өнер иесі Ақерке Бүркітбай екеуі жақсы түсінісетінін, өмірге деген көзқарасы ұқсас екенін жеткізді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Роза Рымбаева «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат беріп, ұлы мен келініне қатысты пікір білдірді. Карантин салдарынан дүркіретіп той жасай алмаған әртіс болашақта немерелі болса, міндетті түрде шілдехана жасайтынын айтты. «Тойымыз карантин кезінде болды. Күндізгі сағат 1-ден кешкі 6-ға дейін 50 адамға беташар той жасадық. Үлкендердің барлығын шақырып, Атыраудан құдаларды күтіп, солай ғана өткіздік. Үлкен той жасауға рұқсат болған жоқ. Бұйырса, өмір алда. Немерелі болып қалсақ, шілдехана той жасаймыз. Оны уақыт көрсетеді», — деді әнші. Сонымен қатар Роза Қуанышқызы Әлидің келіншегімен қарым-қатынасы жайлы сөз етті. «Келінім ақылды, тәрбиелі. Өзі — музыкант, консерваторияны бітірген. Марқұм әкесі де музыкант болған, шешесі — мұғалім. Отыра қалған кездегі төртеуіміздің әңгімеміз бір. Тыңдайтын музыкамыз да, ұстанымымыз да, көзқарасымыз да, түсінігіміз де — бір. Бізге өте жеңіл», — деп түсіндірді ол.