Қайрат Сатыбалдыұлы ісі: 500 миллион доллардан аса қаражат мемлекетке қайтарылды

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша соталды тергеуді аяқтады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау дерегі бойынша соталды тергеуді аяқтады.

«Іс бойынша күдіктілердің бесеуі өтіп жатыр, олардың біреуі қамауда, екеуі — үй қамақта. Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден аса немесе 500 миллион АҚШ долларынан аса қаражаты мемлекетке қайтарылды«, — делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатыр.

«Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасып жатыр. Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден аса немесе 900 миллион АҚШ долларынан аса қаражат орнатылып, жақын арада мемлекетке қайтарылады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.