Ковид жұқтырған Амандық Баталов ентігу мен жүрек жетіспеу салдарынан Нұр-Сұлтанға жеткізілді
Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр. Себебі әкімде ентігу мен жүрек жеткіліксіздігі пайда болды.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды (22 маусым-автор). Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады», — деді Батыржан Байжұманов.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.
«Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылыпп, жұмысқа кіріседі», — деді Байжұманов.
Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын.
tengrinews.kz