Косметолог кеңесі: бет күтіміндегі 5 қате

0

Әрине, жас ерекшелігіне, геніне, ағзасына байланысты әркімнің бет күтімі әртүрлі. Бірақ бет терісін күту үшін жиі қолданатын негізгі амалдарыңыз қаншалықты дұрыс?

 Жұлдыз Нұрғалиева
Жұлдыз Нұрғалиева. Фото жеке архивінен

Бетті неге сабынмен жууға болмайды?

Проблемасы бар теріні сабынмен емдей алмайсыз, керісінше ол теріні құрғатады. Нәтижесінде липид балансы бұзылып, тері сезімтал болады.

Скрабты жиі қолданбаңыз

Скрабтан да бет терісі құрғап, қатқыл болып кетеді. Себебі бетті скрабпен жуған соң тері жұқарып бара жатырмын деп ойлап, қалыңдай бастайды, яғни қатқылданады. Сондықтан скрабты көп дегенде айына бір рет, тіпті, мүлдем қолданбауға кеңес беремін.

Мицелляр су және саз-балшық маскалары

Құрамында PEG (полиэтиленгликоль) химиялық қоспасы бар мицелляр суды қолдануға болмайды. Ол теріні құрғатып, тітіркендіреді. Мицелляр суының құрамын тексеріп, PEG жоқ маркаларды жақсылап таңдау керек.

Саз-балшық маскаларын көп қолдануға болмайды. Ол да теріні құрғатады. Екі аптада бір рет қолдансаңыз, жеткілікті. Одан да маманға қаралып, проблемасы бар теріге дұрыс күтім жүргізген жөн.

Ересек адам балалар кремін жақпағаны дұрыс

Баланың терісінде қорғаныс қабықшасы жоқ. Ал ересек адамда ондай қабықша болғандықтан балаларға арналған креммен теріні бітеген дұрыс емес.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz