Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі.

0
209









Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі.

Автор: Налибаева Калима Кабыловна

Бағыты: Химия Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-24


Материал туралы қысқаша түсінік

Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі.




Сабақтың тақырыбы: Атомның құрылысы. Резерфорд тәжірибесі.Мақсаты: Атомның құрылысы туралы ғалымдар ұсыныстарының дұрысын таңдап алу, бөлшектердің орналасуы туралы нақты түсінік қалыптастыру. Кез – келген элементтің құрылысын кестені пайдаланып анықтау.Көрнекілігі. Видео көрсетілім, Менделеев кестесі, тест үлгісі.Жоспары. 1. Атомның құрылысы туралы Томсон моделі – оқушыРезерфорд тәжірибесі – оқушы2. Атом ядросының өлшемін анықтау – оқушы3. Атомның планетарлық моделі – мұғалім4. Сабақты бекіту – тест5. Үй тапсырмасын сұрау6. Қосымша мәліметтер беру – а) кестені пайдалануб ) Резерфорд еңбегімен танысу.7. Қорытынды.Барысы. Ағылшын физигі Эрнест Резерфорд – бөлшектердің заттан шашырауын зерттеді де, 1911 жылы атом ядросы – массивті түзілім, ол өлшемдері жағынан атомнан ондаған мың есе кіші екенін айтты.Томсон моделі. Атомның құрылысы туралы дұрыс пікірге ғалымдар бірден келе қойған жоқ. Атомның алғашқы моделін ұсынған, электронды ашқан – атақты ағылшын физигі Дж. Дж. Томсон болды. Оның ойынша, атомның оң заряды атомның көлемін түгелдей жайлайды және тұрақты тығыздықпен тарайды. Ең қарапайым атом – сутегі атомы, радиусы 10 – 8см – ге жуық оң зарядталған шар, оның ішінде электрон орналасады. Атом жүзім салып пісірген нан сияқты, ондағы жүзімдер электрондар ролін атқарады.Бірақ Томсон ұсынған бұл модел оң зарядтың таралуы жөніндегі тәжірибе негіздеріне қайшы келді. Тұңғыш рет ағылшын физигі Э. Резерфорд жасаған тәжірибенің атом құрылысын анықтауда маңызы зор болды.Резерфорд тәжірибесі. Электрондардың массасы атомдардың массасынан бірнеше мың есе аз. Атом түгелдей алғанда бейтарап, сондықтан атомның негізгі массасы оның оң зарядталған бөлігіне келеді. Атомның ішіндегі оң зарядтың таралуын зерттеу үшін 1906 жылы Резерфорд атомды – бөлшекпен атқылауды ұсынды. Оның массасы электронның массасынан шамамен 8000 есе көп, ал оның оң заряды модулі бойынша екі еселенген электрон зарядына тең. Атомның оң зарядталған бөлігі ғана – бөлшектерді шашырата алады. Радиактивті радий препаратын қорғасын цилиндрдің ішіне салып одан – бөлшектің шығып жолындағы алтын фолгадан өтіп экранға түскенін микроскоп арқылы қараймыз. Экранға түскен бөлшек жарықтың жыпылықтауларын туғызады. Осы прибор толығымен вакуумға орналастырылады. Күтпеген жерден – бөлшек 900 – тан артық бұрышқа ауытқығаны байқалды.Атом ядросының өлшемдерін анықтау. Атомның оң заряды мен массасы кеңістіктің өте кішкентай жеріне шоғырланған болса ғана – бөлшектердің кері тебілуі болатынын Резерфорд түсінген еді. Сөйтіп, Резерфорд атомның түгелдей дерлік массасы мен барлық оң заряды шоғырланған кішкентай дене – атом ядросы идеясына келді. Ядроның өлшемі – 10 – 12 – 10 – 13см шамасында екен. Ал атомның өзінің өлшемі 10 – 8см, яғни ядроның өлшемінен10 – 100 мың есе үлкен. Электронның зарядын бірлік өлшем етіп алсақ, онда ядроның заряды осы химиялық элементтің реттік нөміріне тең.Атомның планетарлық моделі. Мыс. Кестедегі 11Na22 – натрий элементінің реттік номері 11 – ге тең, яғни атомының құрамы 11 – электроннан, 11 – протоннан тұрады. т. с. с.Бекіту.1. Атомның құрылысы туралы пікір ұсынған ғалымдар.А. Бор. Резерфорд. В Томсон. Резерфорд. С. Ньютон. Резерфорд. Д. Максвелл. Резерфорд.2. Атом құрылысын тәжірибе жүзінде дәлелдеп дұрыстығын ұсынған.А. Томсон. В. Ньютон. С. Резерфорд. Д. Максвелл.3. Резерфорд тәжірибесінде қолданылған аспаптар.А. Цилиндр, препарат, алтын фольга, экран, микроскоп.В. Цилиндр, экран, микроскоп.С. Алтын фольга, препорат, экран.Д. Экран, микроскоп, фольга.4. Атом құрамындағы пратондар саны элекртондар санына(нан)А. артық. В. кем. С. тең. Д. дұрысы жоқ.5. 17Сl35 – хлор элементінің протондары мен электрондарын анықтаңдар.А. Р = 17 е =17 В. Р = 17 е = 35 С. Р= 35 е = 17 Д. Р = 35 е = 356. Ядроның диаметрі қандай.А. Д (10 – 10 10 – 11) смВ. Д (10 – 11 10 – 12) смС. Д (10 – 12 – 10 – 13) смД. Д (10 – 13 – 10 – 14 ) см7. Атом ядросындағы орналасқан бөлшек.А. протон, электрон.В. электронС. протонД. дұрысы жоқҚосымша тапсырма:1) 2 – 3 оқушыға Кестедегі кез – келген элементтің Р, е – санын анықтап беруді тапсырамын.2) Резерфорд – еңбегімен таныстыру.Үйге тапсырма: § 72Қорытынды: Оқушыларды бағалау.>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.